Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Мемлекетке қайтарылған жерлердің 700 мың га астамы халыққа берілді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 10 қараша, 2025 | 13:18
1 минуттан кем минут - оқу уақыты

Мемлекетке қайтарылған жерлердің 700 мың га астамы халыққа берілді

Жалпы 2 млн га пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылған

Freepik
Freepik

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2025 жылы тексерулер 2,2 млн гектар жерді қамтыған. Оның 1,8 млн гектары бойынша 1 286 ұйғарым берілсе, 281,4 мың гектар жерге қатысты сот процестері жалғасуда, ал бұрын пайдаланылмаған 464,7 мың гектар жерді жер пайдаланушылар өз бетімен игере бастады.

Қайтарылған жерлердің 704,7 мың гектары халыққа берілді. Оның ішінде 176,6 мың гектары – қоғамдық жайылымдар, 528,1 мың гектары – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне конкурс арқылы бөлінді.

Дереккөз: ҚР АШМ

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.