Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Жасанды интеллект пен цифрлық құралдар елімізді өркендету үшін қызмет етуге тиіс
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 24 қазан, 2025 | 16:37
1 минут - оқу уақыты

Жасанды интеллект пен цифрлық құралдар елімізді өркендету үшін қызмет етуге тиіс

Президент Қазақстанның жаһандық озық үрдістерден кейін қалмауды, оның салдары өскелең ұрпаққа тиюі мүмкін екенін атап өтті

QazMonitor Logo

Мемлекет басшысы Республика күні мерекесіне арналған салтанатты жиында елімізде жүргізіліп жатқан цифрландырудың қарқынына жоғары баға берді.

«Қазақстан цифрландыру көрсеткіші бойынша дүниежүзілік индекстерде жоғары орындарды иеленеді. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай. Бірақ, ең бастысы, болдық, толдық деуге болмайды. Әлемдегі ең жоғары талаптарға сай келетін заманауи экономиканы дамыту үшін ғылыми-техникалық прогресті жіті бақылап отыру қажет. Сондықтан біз цифрландыру мен жасанды интеллектіні жан-жақты енгізуді мемлекет дамуының басым бағыты ретінде белгіледік» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның жаһандық озық үрдістерден кейін қалмауды, оның салдары өскелең ұрпаққа тиюі мүмкін екенін атап өтті.

«Жұмыс басталды. Алғашқы ұлттық суперкомпьютер іске қосылды. «Қазақтелеком» базасында тағы бір суперкомпьютер жұмыс істеп тұр. AI Sana бағдарламасы және ауқымды Alatau City жобасы қолға алынды. Аталған бағыттағы аса маңызды жұмысты заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр», – деп атап айтты Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанды үш жыл ішінде толық цифрлық елге айналдыру стратегиялық міндетін қойды. Жасанды интеллект пен цифрлық құралдар елімізді өркендету үшін қызмет етуге тиіс екеніне тоқталды.

«Уақыт оздырмай, білімге негізделген экономика құруға кірісу қажет. Креатив пен инновация өсімнің арқауы, ал зияткерлік капитал елдің бәсекеге қабілеттілігінің өзегі болуға тиіс» деді Президент.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.