Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Астанада түркі халықтарының музыкалық аспаптары қойылған экспозиция ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 26 қараша, 2025 | 09:27
1 минут - оқу уақыты

Астанада түркі халықтарының музыкалық аспаптары қойылған экспозиция ашылды

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасауға арналған шеберлік сабағы өтті

gov.kz
gov.kz

Астанадағы «Өнер» музейінде «Әлем әуені» халықаралық өнер фестивалі аясында «Түркі әлемінің музыкалық аспаптары» атты экспозицияның ашылуы өтті.

Экспозиция түркі халықтарының ғасырлар бойғы музыкалық дәстүрін, мәдени сабақтастықты және түрлі орындаушылық мектептердің ерекшеліктерін көрсететін бірегей артефактілерді қамтиды.

Практикалық сабақтар барысында түркі елдерінің жетекші шеберлері музыкалық аспаптарды жасаудың дәстүрлі технологияларын таныстырды.

Бұдан бөлек, әлемге танымал шеберлер жасаған бірегей музыкалық аспаптар музей қорына  табысталды.

«Олардың қатарында қырғыздың кылкыягы, түріктің кеманчасы, өзбектің дутары және венгрдің фурульясы бар. Аталған аспаптардың әрқайсысы – өз халқының бірегей үнін, ұлттық қолөнер ерекшелігін және сан ғасырлық тәжірибесін паш ететін құнды мәдени жәдігер», деді әкімдікте.

Фестивальдің қорытындысы ретінде 25 қараша кешінде «Жастар» сарайында гала-концерт өтіп, онда дәстүрлі әндер мен этно-жанрдағы заманауи шығармалар орындалды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.