Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Жамбыл атындағы филармония 90 жылдық мерейтойын атап өтті
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 22 қараша, 2025 | 11:32
1 минут - оқу уақыты

Жамбыл атындағы филармония 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Президент филармония ұжымына құттықтау хат жолдады

Qazaqstan Monitor: Жамбыл атындағы филармония 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты гала-концерт өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шығармашылық ұжымды мерейтойымен құттықтап хат жолдады.

«Сіздерді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының құрылғанына 90 жыл толуымен құттықтаймын! Бұл – ұлттық музыка өнерінің мерейлі белесі. Даңқты Ахмет Жұбанов негізін қалаған филармония ғасырлар жүгін арқалаған халқымыздың рухани мұрасын жаңғыртуға, өркениетіміздің өрісін кеңейтіп, қазақтың ән-күйін әлемге танытуға зор үлес қосты. Ұлт руханиятына айрықша өлшеусіз үлес қалдырған көптеген тұлғаларымыз осы киелі сахнада өнер көрсетті»,– делінген құттықтау хатта.

Гала-концертте филармонияның жетекші шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, ұлттық музыкалық дәстүр мен заманауи академиялық бағыттардың жарқын үйлесімін ұсынды. Бағдарламада Нұрғиса Тілендиев, Мұқан Төлебаев, Еркеғали Рахмадиев, Төлеген Қажығалиев, Әділ Бестібавтың шығармаларымен қатар Людвиг ван Бетховен, Николай Римский-Корсаков, Антонио Вивальди және Пабло Сарасате сынды әлемдік классиктердің туындылары орындалды.

Кеш аясында филармония ардагерлеріне, қонақтарға, өнер және мәдениет қайраткерлеріне арнайы ұйымдастырылған көрме ұсынылды. Экспозицияда филармонияның қалыптасу кезеңдері, сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен қамтылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.