Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Jibek Joly-6.0 туристік пойызы жолға шықты
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 27 қазан, 2025 | 10:47
1 минут - оқу уақыты

Jibek Joly-6.0 туристік пойызы жолға шықты

Биылғы маусымда Түркия, Ресей, Қырғызстан, Венгрия, Беларусь, Германия және АҚШ елдерінен келген туристер қатысуда

QazMonitor Logo
Фото: Қазақстан Темір Жолы

2025 жылғы 24–30 қазан аралығында Республика күніне орай Jibek Joly- 6.0 туристік пойызы сапарға аттанды.

Жоба «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ-мен бірлесіп, ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Қазақстан туристік индустриясы» РҚБ қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаны дәстүрлі түрде Khan Turan Travel компаниясы ұйымдастырады.

Бағыт Алматы – Түркістан – Отырар – Самарқанд – Бұхара – Ташкент – Алматы қалаларын қамтиды.

Jibek Joly пойызы жайлы теміржол сапарын, мазмұнды экскурсиялық бағдарламаны және Орталық Азияның бай мәдениетімен танысуды үйлестірген ерекше туристік жоба болып табылады. Биылғы маусымда Түркия, Ресей, Қырғызстан, Венгрия, Беларусь, Германия және АҚШ елдерінен келген туристер қатысуда.

Бағдарлама ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра нысандарына саяхаттарды, көне Отырар мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралауды, Самарқанд, Бұхара және Ташкент қалаларына экскурсияларды, сондай-ақ шеберлік сабақтары мен театрландырылған қойылымдарды қамтиды.

Jibek Joly жобасы мәдени бағыттар мен тұрақты туризмді дамытуға үлес қосып, Қазақстанды Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасы орталығы ретінде танытуда.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.