Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Елімізде қаржылық сауаттылық бойынша олимпиада алғаш рет өтуде
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 27 қазан, 2025 | 12:06
1 минут - оқу уақыты

Елімізде қаржылық сауаттылық бойынша олимпиада алғаш рет өтуде

Олимпиаданың финалы 2026 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтеді

QazMonitor Logo

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада өткізу бастамасын көтерді.

Бұл жоба оқушылардың қаржы саласындағы білімін арттыруға, қаржылық жауаптылық пен цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі 17 қазан күні барлық өңірлерде офлайн форматта өтті. Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын 60 минут ішінде орындады. Үздік нәтиже көрсеткен 30 оқушы келесі кезеңге жолдама алды.

Барлығы төрт кезеңнен тұратын олимпиаданың финалы 2026 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтеді. Қорытынды кезеңде әр өңір мен республикалық білім беру ұйымдарынан үздік 150-ден астам оқушы бақ сынайды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.