Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Он қазақстандық боксшы жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына өтті
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 28 қазан, 2025 | 15:27
1 минут - оқу уақыты

Он қазақстандық боксшы жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына өтті

Олар өздеріне кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті

QazMonitor Logo
Сурет: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокс сайыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды olympic.kz.

Жалпы есепте он қазақстандық боксшы аталған доданың жартылай финалына жолдама алды. Осылайша олар өздеріне кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Рамина Маханова (54 келіге дейін), Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнура Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Нұрмахан Жұмағали (50 келіге дейін), Санжар Матасов (75 келіге дейін), Досжан Жұмахан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалында шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, жартылай финалдар 28 қазанда өтеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.