Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Өскемен қаласында ипподром салынып жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 28 қазан, 2025 | 12:54
1 минут - оқу уақыты

Өскемен қаласында ипподром салынып жатыр

Жоба бойынша ұзындығы 2200 метр ат жарыс жолы, үш қабатты әкімшілік ғимарат, үш тікбұрышты трибуна салу қарастырылған

QazMonitor Logo
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласында салынып жатқан ипподромда болып, құрылыс барысымен танысты.

Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 1 млрд 385 млн теңгеден асады. Биыл 300,1 млн теңге игерілді. Мердігер компания - «DK Proekt» ЖШС.

Жалпы аумағы 40,37 гектарды құрайтын ипподром Ново-Явленка ауылының оңтүстік-батысында салынуда. Жоба бойынша ұзындығы 2200 метр ат жарыс жолы, үш қабатты әкімшілік ғимарат, үш тікбұрышты трибуна салу қарастырылған. Трибуналарда 141 көрерменге, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған екі орын болады.

Қазіргі уақытта нысанда жарыс жолының, ғимараттар мен құрылыстардың іргетасын дайындауға арналған жер жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аймақ басшысы құрылыс барысын бақылап, сапаға баса мән беруді және жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

«Ипподром – бұл тек спорт нысаны емес, өңірдің мәдени және туристік әлеуетін арттыратын маңызды жоба. Сондықтан құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілуі қажет», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.