Астаналық спортшы Софья Самоделикина Осакадағы мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңінде күміс медальді иеленді.
Самоделикина қысқа бағдарламадан кейін аралық есепте екінші орынға жайғасып, соңғы бағдарламада өз позициясын сақтап қалды.
Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы үшінші нәтиже көрсетті – 132,25 балл.
Екі бағдарламаның жиынтық бағасы бойынша астаналық спортшы 200,00 балл жинап, турнирдің күміс медалін жеңіп алды.
Ол жапон спортшысы Каори Сакамотоға (227,18 балл) жол берді, ал үшінші орынға бельгиялық Луна Хендрикс (198,97 балл) ие болды.
Дереккөз: Астана әкімдігі