Биылғы жарты жылда Ақмола облысында туризм секторында көрсетілген қызмет көлемі 14 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді.
Оның сөзінше, Ақмола облысы Қазақстандағы туризм драйверінің бестігіне кіреді. Жарты жылдықтың қорытындысысы бойынша көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 121%-ға артып, 14 млрд теңгеге жеткен. Ал Болжам бойынша жылдық көрсеткіш 1,5 млн адамнан асады.
Бүгінде Щучинск-Бурабай курортық аймағы елде туризмді дамытудың үш орталығының бірі болып айқындалған.
Биыл курорттың ең көркем жерлерінде 8 алаң, заманауи веложол салынды. Ойын элементтері бар бірегей Бөлектау эко жаяу жолы ашылды. Маусымда алғаш рет тікұшақ экскурсиисы іске қосылды.
«Сонымен қатар Астанамен тікелей қатынас орнату үшін шағын әуежай ашу мәселесі пысықталуда», - деді Ахметжанов. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциисинда.
Айта кетейік, Щучинск-Бурабай курортық аймағын 2029 жылға дейін дейін дамытудың кешенді жоспары бекітілген.