Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Отандық бизнес неліктен тауарлардың ұлттық каталогына қосылуы керек
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 06 желтоқсан, 2025 | 16:44
2 минут - оқу уақыты

Отандық бизнес неліктен тауарлардың ұлттық каталогына қосылуы керек

ТҰК енгізу бағаның өсіміне әсер етпеуі тиіс.

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанда келесі жылдан бастап тауар айналымының барлық қатысушысы Тауарлардың ұлттық каталогын пайдалануға міндетті болады. Орталықтандырылған жүйеде кез келген өнімге NTIN коды беріледі, яғни әр тауардың «ЖСН» болады.

Қаржы министрлігі ұлттық каталогта өз өнімдерін кімдер және қалай тіркейтінін түсіндірді.

Тауарлардың ұлттық каталогына кімдер қосылу керек?

Қазақстан аумағында тауарлар айналымына қатысы бар барлық кәсіпкерлік субъектісі ТҰК қосылуға міндетті. Бұл – өндірушілер, импорттаушылар, көтерме компаниялар мен дистрибьюторлар, бөлшек сауда дүкендері мен сауда желілері, онлайн алаңдар мен маркетплейстер.

Әр қатысушы біртұтас базаны өз қызметі аясында тауарды тіркеуден бастап сату кезінде оның мәліметтерін дұрыс ұсынуға дейін пайдаланады. Бұл орайда тауар картасы тегін жасалады. Сондықтан ТҰК енгізу бағаның өсіміне әсер етпеуі тиіс.

Ұлттық каталогта тауар карталарын кімдер тіркеуі керек?

Тың тетікте тауар карталарын өнім өндірушілері немесе оны елге әкелетіндер тіркеуге міндетті. Егер де 2026 жылдың 1 қаңтарында ТҰК-да тіркелмеген тауарыңыз сатылымда тұрса, мейлі өндіруші немесе импорттаушы болмасаңыз да оған NTIN кодын белгілеу керек. Тауар картасының бар-жоғын тексеру үшін, сондай-ақ жаңасын жасап, өзгерістер енгізу үшін nct.kz сайтында тіркелу қажет.

Жаңа картаны толтырған кезде тауардың атауы, бренді, сипаттамасы, құрамы және қай елде жасалғаны туралы ақпаратты қосу қажет. Картаны жасамас бұрын өнімнің каталогта бар-жоғын тексерген жөн. Жүйеде қазір 15 млн астам карта бар. Егер де бір тауарды түрлі импорттаушы жеткізумен айналысса, демек оның картасы бұрыннан жасалған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тауарды қайта тіркеудің қажеті жоқ.

Бақылау-кассалық машиналарды жаңарту: кім не істеу керек?

ТҰК енгізілгеннен кейін барлық бақылау-кассалық машинасы NTIN кодтарын бере алатын 2.0.3 хаттамасы бойынша жұмыс істеуі керек. Бұл жұмысты БКМ техникалық қызметі Фискалды деректер операторымен бірлесіп дербес жүзеге асыратынын атап өткен абзал. Бизнеске тек біртұтас каталогта тіркелген NTIN коды бар өнімді пайдалану мен оны сату кезінде сканерлеу қажет.

Бұл ретте Қазақстан аумағында сауда қызметінде кассалық машиналарды қолдану заңда белгіленген талап болып саналатынын айта кету керек. Базарлар мен ауылды жерлердегі саудагерлер үшін жеңілдетілген схемалар қарастырылады. Бірақ жүйеге қосылудан айналып өтуге жол берілмейтінін ескеру қажет.

Егер де қандай да бір өнімнің NTIN ұлттық коды болмаса, онда сауданы бұғаттамау үшін оған уақытша код беріледі. Бұдан кейін кәсіпкер ТҰК-да қажетті мәліметтерді енгізіп, тұрақты кодты алуы тиіс.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.