Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда машина жасау саласының кешенді реформалары айқындалды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 06 желтоқсан, 2025 | 16:10
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда машина жасау саласының кешенді реформалары айқындалды

Өндірісті цифрландыру негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалды

QazMonitor Logo
telegram / KZgovernment
telegram / KZgovernment

Қазақстан машина жасаушылар одағының үйлестіру кеңесі машина жасау саласындағы жүйелі мәселелерді, 2028 жылға дейінгі кешенді жоспардың іске асырылу барысын және ұйыиның 2024 жылғы жұмыс қорытындыларын талқылады.

Кеңес отырысына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өтті. Жиынға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, «Аллюр компаниялар тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері және жетекші отандық кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Мәулен Әшімбаев өңірлерде саланы дамыту үшін қалыптасқан сенімді базаға және бизнес пен мемлекеттік институттар арасындағы тиімді өзара іс-қимылға назар аударып, бұл факторлар саланың алдағы жылдардағы қарқынды өсуін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Одақ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Мемлекет басшысының 2023-2024 жылдардағы Жолдауларында жүктелген міндеттердің орындалуын баяндады. Оның айтуынша, Үкімет және Парламентпен бірлескен жұмыс нәтижесінде өңдеуші өнеркәсіпті ынталандыруға бағытталған бірқатар маңызды заңнамалық өзгерістер қабылданды. Олардың қатарында ішкі елдік құндылықты арттыру бағдарламалары, оффтейк-келісімшарттарды енгізу, сондай-ақ импортталатын жабдықтар мен материалдарға қосылған құн салығын бір жылға дейін кейінге қалдыру нормалары бар.

Отырыс барысында өнеркәсіптік роботтандыруды жеделдету және өндірісті цифрландыру негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалды. Сонымен бірге кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету, ішкі елдік құндылықты арттыруға бағытталған міндеттемелерді заңнамалық тұрғыда бекіту және қазақстандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Роман Скляр мемлекеттік органдар мен бизнестің үйлесімді әрекеті саланың тұрақты дамуы үшін шешуші фактор екенін атап өтті. Кеңес шешімі бойынша ұсыныстар топтамасы Үкіметке және тиісті ведомстволарға жолданатын болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.