Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда зейнетақы есебінен көз ауруларын емдеу тоқтатылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 06 желтоқсан, 2025 | 11:09
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда зейнетақы есебінен көз ауруларын емдеу тоқтатылды

Банк бірқатар күмәнді жағдайларды анықтаған

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Бүгін, 4-ші желтоқсаннан бастап enpf-otbasy.kz платформасында біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеуге арналған өтінімдерді қабылданбайды. Бұл туралы «Отбасы банк» хабарлады.

Банк осы күнге дейін жіберілген барлық өтінімдер жұмысқа қабылданып, белгіленген тәртіппен қаралғанын еске салды.

«Өтінім қабылдауды тоқтату – Денсаулық сақтау министрлігінің БЖЗҚ емделуге пайдалану ережелеріне енгізген өзгерістерімен байланысты. Желтоқсанның үші күні тиісті бұйрық жарияланды. Жаңа ережелерге сәйкес, зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді», делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта банкте «офтальмология» бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15808 өтінім бар. Оның ішінде: 5131 өтінім (4,6 млрд теңге) бойынша банк мамандары құжаттарды тексеріп жатыр, ал 10 677 өтінім (8,7 млрд теңге) бойынша клиенттерден қосымша құжат сұралуда.

«Стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артты. 15 қыркүйекке дейін айына орташа 174 өтінім мақұлданса, шектеулер енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 7 есеге, яғни 1 264 өтінімге дейін өсті», деп қосты банкте.

Сонымен қатар, банк бірқатар күмәнді жағдайларды анықтағанын мәлімдеді.

«Әртүрлі клиенттер бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасаса да, құжаттарда клиника әр қалада орналасқан түрлі мекенжайлармен көрсетілген. Тексеру барысында бұл мекенжайларда мұндай клиниканың жоқ екені белгілі болды», деді «Отбасы банкте».

Сонымен қатар банк бірқатар бағыттар тоқтатылғанына қарамастан, қазақстандықтар БЖЗҚ артық қаражатты әлі де маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алатынын еске салды. Атап айтқанда ол орфандық (сирек) ауруларды емдеу, реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары, радионуклидті және радио-йод терапия, радиохирургиялық ем және протондық терапия.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.