Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда ұнды фортификациялауға мемлекеттік бақылау күшейтілді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 04 желтоқсан, 2025 | 11:57
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда ұнды фортификациялауға мемлекеттік бақылау күшейтілді

Биыл ұнның 118 үлгісіне зертханалық талдау жүргізді

QazMonitor Logo
fitosanitariya.kz
fitosanitariya.kz

Қазақстанда жоғары және бірінші сортты бидай ұнының міндетті фортификациясына қатысты мониторинг нәтижелері жарияланды. Биыл сараптамаға алынған ұнның 9 үлгісінің темір мен мырышқа қатысты нормаларға сай келмегенін көрсетті.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес, ел аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны фортификациялауға тиіс. Талаптар отандық өндірушілерге де, импортқа да бірдей қолданылады. Сонымен қатар Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес, фортификация туралы ақпарат өнімнің таңбалауында міндетті түрде көрсетілуі қажет.

«2025 жылдың басынан бері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі ұнның 118 үлгісіне (464 зерттеу) зертханалық талдау жүргізді. Үлгілердің 48,3%-ы – отандық, 51,7%-ы – ТМД елдерінің өнімдері. Сараптама қорытындысы 9 үлгінің (7,6%) темір мен мырышқа қатысты нормаларға сай келмегенін көрсетті», делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары ақпаратында.

Анықталған сәйкессіздіктер бойынша бес нұсқама беріліп, әкімшілік айыппұлдар салынды.

Еске салсақ, фортификация – азық-түлікті темір, фолий қышқылы, мырыш және В тобы дәрумендері сияқты микроэлементтермен байыту процесі. ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес, бұл тәсіл анемияның алдын алуда және халықтың, әсіресе балалар мен жүкті әйелдердің денсаулығын жақсартуда ең тиімді құралдардың бірі саналады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.