Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін түбегейлі реформалауды бастады.
Ведомство басшысының бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, онда тәуекелдерді басқару үдерістерін цифрландыру, сарапшыларға қойылатын талаптарды күшейту және тікелей жұмыс орнында жеке бағалауға көшу қарастырылған.
Қағидаларда кәсіптік аурулардың алдын алуға және жарақаттануды төмендетуге бағытталған өзгерістер, жеке тәуекел көрсеткіштерін енгізу және басқа да жаңашылдықтар көзделіп отыр.
Бұдан бөлек, кәсіби тәуекелдерді тікелей жұмыс орнында жеке бағалауға көшу жоспарланған. Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға арналған «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылды.
Дереккөз: Еңбек министрлігі