Биыл қабылданған жаңа Су кодексіне сәйкес, су нысандары мен қорғау аймақтарында шаруашылық қызметті шектеу талаптары күшейтілді.
Ирригациялық кондоминиум институты бекітіліп, фермерлер инфрақұрылымды жөндеу және реконструкциялау шығындарын азайтуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық қажеттіліктері үшін 2 млн текше метрге дейін еріген, нөсер және тасқын суды жинайтын қоймалар салуға рұқсат берілді.
Суды үнемдеу технологияларын енгізуге мемлекеттік қолдау шаралары да күшейтілді. ұңғыма бұрғылау және су үнемдейтін жабдық сатып алу шығындарының өтемақы үлесі 50%-дан 80%-ға дейін артты, ал субсидия мөлшері қолданылатын су үнемдеу жүйелеріне байланысты белгіленеді.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттен инвестициялық субсидияларға 214 млрд теңге, ал суару суының құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған.
«Мемлекет қолдау көрсетіп отырған су саласына кешенді көзқарас ауыл шаруашылығы секторын тұрақты дамытуға және сенімді су қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ауыл әкімдерінің форумында осы мәселеге қатысты Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов