Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы әкімдігі тауық еті мен қант бағасын қалай тұрақтандырады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 қараша, 2025 | 14:14
1 минут - оқу уақыты

Алматы әкімдігі тауық еті мен қант бағасын қалай тұрақтандырады

Әкімдік құс еті мен қант бағасына жаңа келісімдер жасады

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру бойынша жаңа шаралар қабылданды. «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құс өнімдерін өндіруші «Алатау-құс» компаниясымен форвардтық келісімге қол қойды.

Өндіруші компания тауықтың сан еті қаланың 30 фирмалық дүкенінде келісіне 1650 теңгеден сатылатынын хабарлады. Шарт 24 айға есептелген, жалпы көлем 358,8 тонна деп жоспарланған.

Бұған дейінгі келісім аясында компания тұрғындарға тауықтың сан еті мен жамбасын 1100 теңгеден ұсынып келген болатын.

Сонымен қатар, «Алматы» ӘКК жергілікті өндірушілерден 4500 тонна қант сатып алып, оны ірі сауда желілерінде 10%-дан аспайтын үстемемен сатуды қамтамасыз етеді. Өндіруші бекіткен баға келісіне 405 теңге тұрақтандыру шаралары келесі жылдың қарашасына дейін жалғасады. Қант тұтынушылапға «Magnum», «Small», «Toimart», «Столичный», «Юбилейный» және басқа дүкендерде қолжетімді болады.

Наурыз айында «Алматы» ӘКК мен «Magnum Cash&Carry» арасында әлеуметтік маңызы бар 11 өнімнің бағасын тұрақтандыруға қатысты келісім жасалған. Жалпы көлем 606 тоннаны құрайды. Тізімге қарақұмық, макарон, күріш, күнбағыс майы, айран, сары май, пастерленген сүт, тауық еті, бірінші сұрыпты ұн, сиыр етінің белгілі бөліктері және ас тұзы кіреді. Баға 2026 жылдың наурызына дейін сақталады.

Сонымен қатар тауық жұмыртқасын арзандату мақсатында «Сары-Бұлақ» компаниясымен 2024–2027 жылдарға келісім жасалды. Жыл сайын 86,4 млн дана бірінші санаттағы жұмыртқа өндіріліп, ірі сауда желілеріне және «Алатау-құс» дүкендеріне жеткізіледі. Өндіруші бағасы 51 теңге, сауда үстемесі 15%-дан аспауға тиіс.

Еске салсақ, Алматыда әр сенбі және жексенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Мұнда әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтан 15–20% арзан ұсынылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.