Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Coca-Cola-ның Қазақстандағы төртінші зауыты Ақтөбеде салынады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 21 қараша, 2025 | 16:22
1 минут - оқу уақыты

Coca-Cola-ның Қазақстандағы төртінші зауыты Ақтөбеде салынады

Зауыт құрылысы 2026 жылы басталады

QazMonitor Logo
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбеде Coca-Cola-ның жаңа зауытын салу мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаров пен Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчель бастаған компания өкілдерінің кездесуінде сөз болды.

Кездесу барысында тараптар компанияның Ақтөбеде төртінші зауытын салуға дайындық барысын, инженерлік-инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелерін және жобаны табысты іске асыру үшін қажетті жағдайларды талқылады.

«Біз Coca-Cola-ның жаңа зауытының құрылысы өңір экономикасының дамуына қуатты серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашатынына және заманауи экологиялық таза технологияларды енгізілуіне ықпал етеді деген сенімдіміз. Біз жобаны іске асырудың барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді өңір басшысы.

Биылғы жылдың тоғыз айында Ақтөбе облысының Түркиямен сыртқы сауда айналымы 71,2 млн АҚШ долларын құрады, оның 58,4 млн доллары - экспортқа, 12,8 млн доллары импортқа тиесілі.

Өз кезегінде Вели Динчель жобаның өндіріс көлемін ұлғайтуға және компанияның еліміздегі нарықтық орнын күшейтуге айырықша үлес қосатынын айтты.

Зауыт құрылысы үшін Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік айналма жолы бойынан 25 гектар жер телімі ұсынылды. Құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталады деп жоспарланған. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 120-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады. 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.