Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алатау қаласының бюджеті үш есеге өсті
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 21 қараша, 2025 | 16:04
1 минут - оқу уақыты

Алатау қаласының бюджеті үш есеге өсті

10 айдағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 115,6 млрд теңгені құрады

QazMonitor Logo
alatau.city
alatau.city

Алатау қаласының бюджеті үш есеге өсіп, 8,8 млрд теңгеге жетті. Қаланың 10 айдағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 17%-ға артып, 115,6 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, қалаға салынған инвестиция көлемі 13%-ға өсіп, бүгінде шамамен 46,4 млрд теңгеге жеткен.

«Пул 21 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды көздейтін 41 инвестициялық жобаны қамтиды. Қазіргі уақытта құны 1 трлн теңге болатын 18 жоба жүзеге асырылуда», деді ол.

Өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың ішінде PepsiCo, United Hygiene, «Молочная долина», АСП арена, QazQon Hub, АВЗ, Исткомтранс сияқты басқа да ірі компаниялардың логистика, АӨК, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жаңа өндіріс орындары бар,

Сонымен қатар жалпы ауданы 97,9 мың гектарды құрайтын еліміздегі ең ірі Аlatau АЭА құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Оның 24 мың гектардан астамы қала сыртында орналасқан және АӨК өнімдерін қайта өңдеудегі маңызды жобаларды қамтиды. Осы өндіріс орындарына кепілдіктерді сақтау және жаңа кәсіпорындарды іске қосу мақсатында жаңа өнеркәсіптік-логистикалық АЭА құру жөніндегі әкімдіктің ұсыныстары қаралды. Болашақта бұл Алматы облысында индустриялық, логистикалық, туристік және энергетикалық кластерлердің дамуына ықпал етеді», деп қосты Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ ол Алатаудағы тұрғын үй құрылысы туралы айтты. Биыл 103 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Қазір халықаралық сарапшыларды тарту және әлемнің жетекші мегаполистері тәжірибесін зерделеу арқылы қаланың дизайн-коды және кешенді көлік схемасы әзірленіп жатыр.

Дереккөз: Үкімет

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.