Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан мен Корея ЖИ көмегімен су тасқынын болжауға келісті
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 20 қараша, 2025 | 01:47
1 минут - оқу уақыты

Қазақстан мен Корея ЖИ көмегімен су тасқынын болжауға келісті

ЖИ көмегімен табиғи апаттардың алдын алу моделін жаңғыртпақ

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстан мен Корея жасанды интеллектімен су тасқынын болжауды дамыту бойынша стратегиялық серіктестік орнатты. Тиісті меморандумға Тэгу қаласында өткен Korea International Water Week халықаралық форумы кезінде қол қойылды.

Құжатқа Қазақстанның Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов пен Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта вице-министрі Кум Хан Сын қол қойды.

Құжат су тасқыны қаупін бағалау үшін жасанды интеллектіні қолданатын заманауи мониторинг жүйелерін құру және цифрлық платформаларды енгізу бағытында екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Болжамдардың дәлдігін арттыру, ықтимал қауіпті гидрологиялық жағдайларды уақытылы анықтау және ден қою механизмдерін жетілдіру үшін жасанды интеллект алгоритмдерін бірлесіп әзірлеуге және бейімдеуге ерекше назар аударылады.

«Оңтүстік Корея су тасқынын болжау мен модельдеу бойынша ауқымды тәжірибеге және озық технологияларға ие. Бүгін қол қойылған меморандум – Қазақстандағы су тасқынына қарсы шараларының тиімділігін арттыруға және су шаруашылығы саласын кеңінен цифрландыруға жасалған кезекті қадам», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Сонымен қатар тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, сарапшылармен және озық технологиялармен алмасу, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың ұлттық жүйелеріне инновациялық шешімдерді практикалық тұрғыда енгізуге жағдай жасау жөнінде келісімге келді.

Сондай-ақ вице-министрдің Корея Республикасының Су ресурстары корпорациясы (K-Water) өкілдерімен ресми кездесуі өтті. Онда алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

Дереккөз: Су министрлігі

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.