Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,5 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 қараша, 2025 | 09:57
1 минут - оқу уақыты

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,5 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленді

Қазақстанда 2,5 млн зейнеткер бар

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің көлемі жыл басынан бері рекордтық көрсеткішке жетті. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, республикалық бюджеттен халыққа жалпы сомасы 3 трлн 512,7 млрд теңгеге зейнетақы төленді.

Жыл басынан бері төленген 3,5 трлн теңгенің құрылымы екі негізгі компоненттен тұрады. Атап айтқанда 1 трлн 137,2 млрд теңге базалық зейнетақы және 2 трлн 375,5 млрд теңге ынтымақты зейнетақы төленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 қарашасына сәйкес, елде 2 млн 516 мың зейнеткер бар. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 167 теңге, базалық зейнетақы – 47 577 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап төлемдердің мөлшері инфляциядан озу қағидатымен ұлғайтылды: Базалық зейнетақы – ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға ұлғайтылды.

Ынтымақты зейнетақы – инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып, 8,5%-ға ұлғайтылды.

Бұдан басқа, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылып жатыр.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылып, 32 360 теңгені құрады. Ең жоғары мөлшері 105%-дан 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.

Еңбек министрлігі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, жеке тағайындалатынын еске салды. Бұл жүйе азаматтарды зейнетақы жүйесіне неғұрлым ұзақ және тұрақты қатысуға ынталандырады.

Зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер қосылады. Егер азаматтың өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына тең болады.10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, төлем ең жоғарғы мөлшерде, яғни 110% белгіленеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.