Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі өзгереді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 қараша, 2025 | 11:55
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі өзгереді

Енді қазақстандықтар тұрақты тіркеуге тек онлай тұра алады

QazMonitor Logo
egov.kz
egov.kz

Қазақстанда бұдан былай азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімі тек eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы онлайн форматта арқылы жүргізіледі.

Тұрғылықты жері бойынша онлайн-тіркеуден өту үшін пайдаланушыға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және оның жеке кабинетіне тіркелген телефон нөмірі (МАБ) қажет.

«Процедура толық автоматтандырылған және онлайн түрде жүзеге асырылады, бұл қызмет алу уақытын айтарлықтай қысқартады. Сондай-ақ азаматтар бұл қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында онлайн рәсімдей алады», деді Ұлттық ақпараттық технологиялар.

Қызмет ҚР азаматтарына, оның ішінде тұрғын үй иелеріне; сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі болып танылған 18 жастан асқан азаматтардың қорғаншылары мен заңды өкілдеріне; 14-16 жас аралығындағы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне көрсетіледі.

Айта кетейік, 14 жасқа дейінгі балалар жеке тіркеуге тұрмайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес, он төрт жасқа толмаған баланың тұрғылықты жері оның ата-анасының немесе заңды өкілдерінің тұрғылықты жері болып табылады.

14 пен 16 жас аралығындағы балаларды ата-аналары немесе заңды өкілдері тіркейді. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған 18 жастан асқан азаматтарды да олардың қорғаншылары eGov.kz порталы арқылы жаңа мекенжайға тіркей алады.

Сонымен қатар мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйде тұратын азаматтарға қатысты да жаңартулар енгізілді. Енді мұндай үйдің жалға алушысы шартта көрсетілген тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тіркей алады. Егер өтініш беруші жалдау шартындағы тізімде болмаса, жүйе өтінішті автоматты түрде қайтарады.

Ескеретін жайт, егер өтініш беруші өзіне тиесілі емес мекенжайға тіркелуге өтініш берсе, жүйе үй иесіне 1414 нөмірінен SMS-код жібереді. Тұрғын үйдің иесі хабарлама алынған сәттен бастап бір сағат ішінде келісімін растауы қажет.

Аталған өзгеріс 2025 жылғы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.

Дереккөз: nitec.kz

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.