Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Еңбекке тартылған шетел азаматтары құрылыс саласында басым
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 қараша, 2025 | 11:55
1 минут - оқу уақыты

Еңбекке тартылған шетел азаматтары құрылыс саласында басым

2025 жылғы он айдың дерегі бойынша Қазақстан аумағында 14 463 шетел азаматы еңбек етеді

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еліміз аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алған 14 463 шетел азаматы еңбек етіп жүр.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 544, құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 245 рұқсат бар. Жұмысқа тартылған шетелдіктер негізінен үшінші санаттағы мамандар және төртінші санатқа жататын білікті жұмысшылар. Олардың саны тиісінше 3 774 және 1 118 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 780 адам, ал корпоративтік алмастыру аясында 4 003 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда еңбек мигранттарын пайдаланатын 1 857 жұмыс беруші бар. Оларда 335,4 мыңнан астам өз азаматтарымыз жұмыс істейді, бұл жұмыскерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көбі құрылыс саласында – 4 908 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 2 808 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1 173 адам, өңдеу өнеркәсібінде – 1 105 адам еңбек етеді.

Еңбек мигранттары арасында Қытайдан – 5 405, Өзбекстаннан – 2 455, Түркиядан – 1 042, Үндістаннан 1 012 адам келген.

Биылғы тамыздан бастап маусымдық шетелдік жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптер тізбесінің кеңеюіне байланысты жалпы квота республикадағы жұмыс күші санына қатысты 0,25% немесе 19,4 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.