Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қарағанды облысының орман қоры ұлғайып келеді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 17 қараша, 2025 | 13:48
1 минут - оқу уақыты

Қарағанды облысының орман қоры ұлғайып келеді

2025 жылы облыстың елді мекендеріне 60 мыңға жуық көшет отырғызылған

ҚР Қарағанды облысының әкімдігі
ҚР Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында биыл орман шаруашылықтары аумақтарына екі миллионнан астам көшет егілді. Қалалар мен ауылдарда 60 мыңға жуық ағаш егілді.

Маусымның нәтижелері мен келер жылға қойылған міндеттер аппараттық кеңесте

Көгалдандырудың негізгі бөлігі мемлекеттік орман қоры жерлерінде жүргізілуде. Бұл жұмыстарды Қарағанды, Қу және Ақтоғай орман шаруашылықтары атқарады.

«Биыл жапырақты және қылқанжапырақты ағаш тұқымдарының 2 миллионнан астам көшеті егілді. Жыл сайын жерсіну көрсеткішін көтеріп келеміз. Жерсінбеген көшеттерді жаңасына алмастырамыз», – деді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бахтияр Санбаев.

Көшетпен қамтамасыз ету үшін 40 гектардан асатын аумақтағы орман тұқымбағы қызмет етеді. Оның жылдық қуаттылығы – 1,3 миллион көшет. Биыл тұқымбақты кеңейту басталды. Сонымен қатар техника жаңартылып, әкімшілік ғимарат пен ангар салынды, тоңазытқыш және кептіргіш камералар орнатылды, тамшылатып суару жүйесі мен бейнабақылау жүргізілді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.