Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қаржыгерлер цифрлық трансформацияның реттеу тәсілдерін талқылады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 15 қараша, 2025 | 16:33
1 минут - оқу уақыты

Қаржыгерлер цифрлық трансформацияның реттеу тәсілдерін талқылады

Талқылауға шетелдік реттеушілер, қаржы институттары, сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова қаржы секторы трансформацияланып жатқан тұста тұрақты сараптамалық диалог аса маңызды рөл атқаратынын айтты. Ол мұны Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің XIII конгресінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, Еуразияда қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығы ретінде Қазақстан бұл үдерістердің алдыңғы шебінде болуға ұмтылады.

«Конгресіміздің басты тақырыбы – цифрландыру мен жасанды интеллект дәуіріндегі қаржы нарығын дамыту. Ол бізден кәсіби сараптамамен қатар стратегиялық ойлауды талап етеді. Жаңа технологияларды реттеу практикасына енгізу, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, цифрлық валюталарды дамыту мен орнықты өсімге жағдай жасау – басты міндетіміз», – деді Елена Бахмутова.

Жиынға қатысқан Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов қаржы нарығы толыққанды цифрлық трансформация кезеңінен өтіп жатырқанын атап өтті.

«Біздің еліміз ашық жаһандық экономиканың бір бөлігі ретінде қаржы нарығымен бірге толыққанды цифрлық трансформациядан өтіп жатыр. Қазіргі таңда цифрландыру - жай ғана бағыт емес. Бұл өзгерістердің өзегінде Ұлттық Банк тұр. Оның инфрақұрылымы негізінде бүкіл қолма-қол ақшасыз экожүйе қалыптасты. Оған цифрлық теңге платформасы, банкаралық мобильді аударымдар жүйесі, Open API және Ұлттық антифрод-орталық кіреді», – деді Орталық банк басшысы.

Шетелдік реттеушілер, қаржы институттары, сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдері ішкі-сыртқы факторлардың ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылыққа және қаржы институттарына деген сенім, жеке сессияларда сақтандыру нарығының динамикасы, өсу перспективалары мен халықтың сақтандыру өнімдеріне деген қолжетімділігін арттыруға бағытталған шаралар талқыланды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.