Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Аралдың құрғаған табанына сексеуіл отырғызу жалғасуда
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 14 қараша, 2025 | 17:57
1 минут - оқу уақыты

Аралдың құрғаған табанына сексеуіл отырғызу жалғасуда

2025 жылға дейін 1,1 млн гектар аумақта сексеуіл алқаптарын құру жоспарланған

Айнұр Шошаева
Айнұр Шошаева

Арал теңізінің құрғаған табанында күзгі орман-мелиорациялық жұмыстарды жүргізу басталды.

Теңіздің құрғаған табанының ауданы 6 млн гектарды құраса, оның 2,8 млн гектары еліміз аумағында жатыр. Орман-мелиорациялық іс-шаралар шаң әсерін азайтуға, тозған жерлерді қалпына келтіруге және орнықты экожүйелерді қалыптастыруға бағытталған.

2021 жылдан бастап қолға алынған жоба аясында құрғаған теңіз орнындағы 792 мың га алқапта 2083,4 тонна сексеуіл/галофит өсімдіктерінің тұқымдары және 48,7 млн түп сексеуіл көшеттері отырғызылды. Биыл 340,9 мың гектар алқапта орман мелиорация жұмыстарын жүргізбек. Келер жылдың көктемінде 120 мың гектар алқапқа тұқым себіліп, 11,8 мың гектар жерге көшет отырғызылатын болады.

Жобаны Дүниежүзілік банк қаржыландырады. Бүгінгі күнде отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету үшін Қазалы қаласында ауданы 33 гектар тұқымбақтың құрылысы аяқталды. Жоба бойынша жылына 3 млн түп көшет отырғызу үшін сексеуіл мен галофит бұталарының көшеттері өсірілмекші.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.