Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан кәсіпорындарының жалақы бойынша қарызы 2,3 млрд теңгеге жетті
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 14 қараша, 2025 | 10:25
1 минут - оқу уақыты

Қазақстан кәсіпорындарының жалақы бойынша қарызы 2,3 млрд теңгеге жетті

Жұмыскердің жалақысын төлемеген басшыларға 428,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

QazMonitor Logo
awesomecontent / Freepik
awesomecontent / Freepik

Мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстандағы 394 кәсіпорынның 9,8 мыңнан астам жұмыскерге 2,3 млрд теңгеге жалақы бойынша берешегі барын анықтады.

Инспекторлар жүргізген кешенді тексерулер барысында түрлі ұйымдарда 6,5 мыңнан астам еңбек құқығы бұзылған фактілер тіркелді. Оның нәтижесінде кәсіпорын басшыларына 3 369 міндетті ұйғарым беріліп, 428,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

«Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 9,6 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2 млрд теңге төленді», делінген ақпартта.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан 1 қарашаға дейін еңбек инспекторлары 5 306 тексеру жүргізіп, 6571 бұзушылық анықтады. Оның ішінде: еңбек саласында 5427, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауда 1111 және жұмыспен қамту бағыты бойынша 33 факті бар. Аталған кезеңде Қазақстанда 40 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.