Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Солтүстік Қазақстанда 2029 жылға дейін 7 мың шақырым электр желісі жаңарады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 13 қараша, 2025 | 13:37
1 минут - оқу уақыты

Солтүстік Қазақстанда 2029 жылға дейін 7 мың шақырым электр желісі жаңарады

Биыл өңірде 400 шақырымнан астам электр желісі жөнделген

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Алдағы төрт жылда Солтүстік Қазақстан облысында 7 мың шақырым электр желісі мен 66 шақырым жылу желісі жаңарту жоспарланып отыр.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл өңірде 400 шақырымнан астам электр желісі мен 43 қосалқы станса және трансформатор жөнделді. Қазір жылумен қамту саласында төрт жоба іске асырылып жатыр. Соның бірі – Петропавл қаласындағы Жабаев, Шажымбаев, Новая және Алтынсарин көшелерін қамтитын жаңа жылу магистралін салу. Бұдан бөлек, 7,6 шақырым жылу желісі қайта жөнделіп, жаңартылды.

«Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2029 жылға дейін 7 мың шақырым электр желісі мен 66 шақырым жылу желісі жаңғыртылмақ.

Сонымен қатар, өңірді электрмен қамтудың сенімділігін арттыру мақсатында Уәлиханов және Ақжар аудандары аумағында 110 кВ «Ленинградская – Талшық – Кішкенекөл» сақиналы электр желісін салу жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.