Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Құбырсыз су көтеру технологиясы сынақтан өткізілді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 13 қараша, 2025 | 11:02
1 минут - оқу уақыты

Құбырсыз су көтеру технологиясы сынақтан өткізілді

Жаңа технология сорғы қондырғысының металл шығыны мен жалпы салмағын азайтпақ

ҚР Су шаруашылығы және ирригация министрлігі
ҚР Су шаруашылығы және ирригация министрлігі

Бұл технология ұңғымаларды жабдықтауға жұмсалатын қаражатты едәуір азайтуға мүмкіндік береді деп болжанып отыр. Өйткені су көтеруге арналған құбырлар қажет емес, сондықтан оларды сатып алу, тасымалдау және орнатуға шығын шықпайды.

Бұдан бөлек, сорғыны ауыстыру немесе жөндеу кезінде орнату мен бөлшектеу жұмыстары жеңілдеп, олардың бағасы да төмендейді. Ал су қысымының жоғалуы төмендегендіктен, электр энергиясын тұтыну да қысқарады.

Құбырсыз су көтеруге арналған жабдық сынақтары «Қазсушардың» Түркістан филиалына қарасты диаметрі 426 мм болатын ұңғымада жүргізілуде.

Егер сынақ нәтижесінде тәжірибелік үлгінің экономикалық тиімділігі расталса, құбырсыз су көтеру технологиясы ауыл шаруашылығында, елді мекендерді сумен жабдықтауда және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарында кеңінен қолданылуы мүмкін.

«Қазіргі таңда мұндай құрылғылар Қазақстанда шығарылмайды және қолданылмайды. Сондай-ақ қарапайымдылығы, сенімділігі және өндіріске енгізуге дайындығы жағынан тең келетін баламалар да жоқ. Құбырсыз су көтеруге арналған технологиялық жабдықтар жиынтығы ведомстволық қабылдау сынақтарынан сәтті өтті. Бұл технологияны қолдану арқылы сорғы қондырғысының металл шығыны мен жалпы салмағы 50%-ға дейін азаяды. Ал сұйықтықтың бір көлемін айдауға жұмсалатын электр энергиясы 20%-ға дейін үнемделеді. Сонымен қатар судың ластану немесе жұқтыру қаупі толық жойылады», – деді жоба жетекшісі Тимур Устабаев.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.