Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасына арналған көрме өтті
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 13 қараша, 2025 | 11:27
1 минут - оқу уақыты

Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасына арналған көрме өтті

Көрме Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Петропавл қаласында «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрме өтті. Көрме Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Көрмеге Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қорынан тарихи құнды жәдігерлер қойылды. Атап айтқанда Алтын Орда кезеңіне жататын кесенелердің өрнектелген кірпіштері, сол уақыттағы тарихи тұлғалардыі балауыз мүсіндері, Жошы хан кесенесінің макеті, сондай-ақ ортағасырлық монеталар, ескі карталар мен басқа да тарихи құнды жәдігерлер болды.

Қазіргі уақытта Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында Алтын Орда дәуіріне жататын 10-нан астам тарихи ескерткіш сақталған. Атап айтсақ, Жошы ханның кесенесі, Болған Ана, Құлан Ана, Аяққамыр және басқа да маңызды ескерткіштер бар.

Аталған көрме бұған дейін Астана, Алматы, Түркістан және Жезқазған қалаларында ұйымдастырылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.