Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда корпоративтік табыс салығы қалай өзгереді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 қараша, 2025 | 16:42
2 минут - оқу уақыты

Қазақстанда корпоративтік табыс салығы қалай өзгереді

Жаңа Салық кодексі келесі жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді

QazMonitor Logo
freepik.com
freepik.com

2026 жылы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне сәйкес, корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

ҚР резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ ел аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын немесе осы елдегі көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар КТС төлеушілер болып танылады.

Мемлекеттік мекемелер КТС төлеушілер қатарына кірмейді. Сонымен қатар КТС төлемейтіндер тізімінен мемлекеттік орта білім беру ұйымдары алынып тасталды.

Корпоративтік табыс салығы бойынша сараланған ставкалар келесідей белгіленді:

Қызметтің жекелеген түрлерін қоспағанда, КТС-ның жалпы ставкасы салық салынатын табыстың 20% мөлшерінде белгіленді. Банктік қызмет (бизнесті несиелеуді қоспағанда) және ойын бизнесі бойынша 25%, ауыл шаруашылығы және аквамәдениет (балық шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің осындай өнімін қайта өңдеу және оны өткізуден алынатын табыс бойынша 3%.

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерінен басқа ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі бойынша 6%, ал әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын (коммерциялық емес ұйымдардан басқа) ұйымдар үшін 2026 жылы 5% , және 2027 жылы 1 қаңтардан бастап 10%.

Мемлекеттік кірістер комитеті әр түрлі ставкалар бойынша салық салынатын қызмет түрлері болған жағдайда, олар бойынша бөлек салық есебін жүргізу міндеттемесі енгізілетінін атап өтті.

Бұған қоса, алдыңғы салық кезеңі үшін түзетулерді ескере отырып, аванстық төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттеме туындамайтын жылдық жиынтық табыс шегі 350 000 АЕК-тен 600 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Декларация тапсырылғанға дейін аванстық төлемдерді есептеу алынып тасталды, 1-тоқсан үшін аванстық төлемдерді есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын болады (алдыңғы салық кезеңіндегі аванстық төлемдердің 1/12 бөлігі мөлшерінде).

Еске салсақ, президент Тоқаев 2025 жылғы 18 шілдеде жаңа Салық кодексіне қол қойған болатын. 2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін заң бойынша қосымша құн салығы 12%-дан 16% артады. ҚҚС бойынша міндетті есепке қою үшін айналымның төменгі шегі 10 мың айлық есептік көрсеткішке (40 миллион теңге) дейін төмендетіледі. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке төмендетілген қосымша құн салығы енгізіледі: 2026 жылдан – 5 пайыз, 2027 жылдан – 10 пайыз.

Дереккөз: Салық комитеті

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.