Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Өзбекстанның тартуы: Түркістанда жаңа мешіт ашылады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 13 қараша, 2025 | 16:08
1 минут - оқу уақыты

Өзбекстанның тартуы: Түркістанда жаңа мешіт ашылады

Жаңа мешіттің құны 32 млрд теңге

QazMonitor Logo
www.gov.kz
www.gov.kz

Түркістанда жыл соңына дейін 5 мың орындық жаңа мешіт пайдалануға беріледі. Жаңа мешіт қаланың кіре берісінде орналасқан, қазір онда әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, мешіттің құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда ғимараттың қасбеті, мұнарасы, электрмен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысы осы жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Шығыстық нақыштағы еңселі мешітте 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Жоба құны – 32 млрд. теңге», делінген әкімдік ақпаратында.

Құрылыс мердігері «МонтажСтройКом Экстра» компаниясы, қазір нысанда 30-дан астам адам мен 9 техника жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, аумағы 7,7 гектарды құрайтын мешіттің іргетасы 2019 жылы құйылған.

«Ислам орталығының жалпы аумағы – 4650 шаршы метр. Биіктігі 61 метрлік мұнаралармен көмкерілген мешіт қазіргі заман талабына сай озық үлгіде салынуда», деді әкімдікте.

Нысанды әрлеуден бөлек, 4,2 гектар аумақта абаттандыру жүріп жатыр, әкімдік бұл жұмыстар 85 пайызға аяқталғанын атап өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.