Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Өнердегі 30 жыл: Майра Мұхамедқызы Парижде концерт берді
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 13 қараша, 2025 | 14:40
1 минут - оқу уақыты

Өнердегі 30 жыл: Майра Мұхамедқызы Парижде концерт берді

Осы аралықта опера дивасы әлемнің айтулы сахналарында өнер көрсеткен

QazMonitor Logo
www.gov.kz
www.gov.kz

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы Париждегі атақты Гаво залында жеке концертін өткізді. Биыл әншінің шығармашылығына 30 жыл толып отыр.

Концерт Қазақстанның Мәдение министрлігі, француздық «Air Liquide» компаниясы мен «Kazatomprom» ҰК қолдауымен өтті.

Кеш бағдарламасына француз, итальян, орыс, қытай және қазақтың классикалық музыка туындылары енді. Әншінің орындауындағы «Біржан сал», «Ер Тарғын» және «Абай» операларынан алынған ариялар, сондай-ақ әнші шебер орындаған қазақтың халық әндері көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Майра Мұхамедқызымен бірге сахна төріне пианист А.Өтөтлеу және Шымкент қалалық опера және балет театрының квартеті өнер көрсетті.

Айта кетейік, әншінің кәсіби жиырма жыл бұрын Париж қаласында әлемге әйгілі Бастилия опера театрының солисті болып, кейін қызметі Страсбург, Бордо, Ренн және Авиньон қалаларында жалғасын тапқан болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.