2025 жылдың басынан бері Қазақстанда көлік жүргізушілер ақылы жолдар арқылы 62 млн астам рет жүріп өтті.
«Қазавтожол» компаниясының бұл дерегі қазақстандықтардың сапалы жол инфрақұрылымына деген сұранысының айтарлықтай артқанын көрсетті.
«Ақылы жолдар тек жылдам қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қалалар мен елдер арасындағы сенімді байланысты орнатып, аймақтардың экономикалық дамуына септігін тигізеді», — делінген ресми хабарламада.
Ақылы жолдардың ішінде қозғалыс көлемі бойынша алдыңғы орында Алматы – Қонаев бағыты тұр, бұл бағытпен 10 миллионнан астам көлік өткен. Одан кейін Шымкент – Өзбекстан шекарасы (7,8 млн); Шымкент – Тараз (5,5 млн); Тараз – Қайнар (4,6 млн); Шымкент – Қызылорда (4 млн);
Астана – Теміртау (3,8 млн); Қонаев – Талдықорған (3,3 млн); Астана – Щучинск (3,27 млн); Щучинск – Көкшетау (2,82 млн) және Астана – Павлодар (2,1 млн) бағыты болды.
Сонымен қатар, ақылы жолдар желісінің кеңеюі өңірлік экономикаға да әсер етіп жатқанын атап өтті. Алматы – Қорғас (2 млн), Қостанай – Денисовка (1,57 млн), Қызылорда – Арал (1,5 млн) және Көкшетау – Петропавл (1,47 млн) бағыттары аймақаралық қатынастың белсенді дамып келе жатқанын айғақтайды.
Бұған қоса, Қазақстан қалалары мен Ресей және Өзбекстан бағыттарда да қозғалыс қарқынды екені байқалды. Мәселен, Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор) – 1,1 млн; Орал – РФ шекарасы (Самара) – 669 мың;
Орал – РФ шекарасы (Саратов) – 485 мың; Қостанай – РФ шекарасы (Троицк) – 698 мың; Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) – 736 мың, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (7,8 млн) және Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (140 мың) қозғалыс көп болған.
Дереккөз: Қазавтожол