Маңғыстау облысындағы «Қарағантүбек» серіктестігі түйе сауу және өңдеу бойынша жаңа цехты іске қосты. Жобаның жалпы құны – 600 млн теңге.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 400 тонна түйе сүтін өңдеуге мүмкіндік береді. Жаңа нысанның басты артықшылығы – сауу процесі толық автоматтандырылған. Есесіне өнім сапалы әрі гигиеналық талаптар талапқа сай болады. Қондырғылар Германиядан әкелінген және заманауи халықаралық азық-түлік өнеркәсібі стандарттарына толық сәйкес келеді.
Аймақтың климаттық ерекшеліктері мен су тапшылығына байланысты кәсіпорын өзіне қажетті суды дербес жүйе арқылы қамтамасыз етуді ұйғарған. Осы мақсатта 150 метр тереңдікте ұңғыма бұрғыланған, ал алынған су көп сатылы сүзу және тазарту жүйесінен өтеді.
Дереккөз: ҚР АШМ