Eurasian Resources Group (ERG) пен Ресей Федерациясының «Завод металлоконструкций» АҚ өкілдері думпкар жеткізуге қатысты меморандум жасасты. Жасалған меморандум құны – 15 млн АҚШ долларына жуық.
Кездесу қорытындысында 2026 жылдың алғашқы жартысында ERG-дің «Темір» дивизионына 87 думпкар жеткізу туралы уағдаласты. Аталған көліктер Қашар карьері өндірісіне пайдаланылады.
Жаңа думпкарлар паркі Қашар карьеріндегі фабрика кешеніне темір кенін жеткізу тиімділігін арттырады. Әрі ERG-дің өндіріс көлемі мен дайын өнім сатылымын арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі.
Шараны ұйымдастыруға «Корпорация «МСП» АҚ, Российский экспортный центр (РЭЦ) және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мұрындық болған.