Бокстан Қазақстан құрамасы World Boxing бокстан Әлем Кубогының финалына қатысады. Қазақстанның бокс федерациясы кубокта ел атынан шығатын боксшылардың аты-жөндерін жариялады.
Ерлер командасы бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен он салмақ дәрежесінің сегізінде өнер көрсетеді.
Ерлер командасы:
50 келі. Нұрзат Оңғаров
55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек
70 келі. Нұрбек Мұрсал
75 келі. Аман Қонысбеков
80 келі. Cанжарәлі Бегалиев
85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы
90 келі. Бекзат Таңатар
+90 келі. Даниял Сапарбай
Бас жаттықтырушы - Елдос Сайдалинның жетекшілігімен Әлем кубогінің ақтық кезеңіне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы:
48 келі. Ақбота Болат
51 келі. Жансая Рахымберді
57 келі. Ұлжан Сәрсенбек
80 келі. Диана Мағауияева
+80 келі. Әсел Тоқтасын.
Еске сала кетейік, бокстан Әлем кубогы 14-21 қараша аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтеді.