Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Атырау МӨЗ сұйытылған мұнай газы өндірісін қайта бастады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 10 қараша, 2025 | 13:17
1 минут - оқу уақыты

Атырау МӨЗ сұйытылған мұнай газы өндірісін қайта бастады

Зауыттағы жоспарлы жөндеу мерзімінен бұрын аяқталды

www.gov.kz
www.gov.kz

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқталып, барлық технологиялық қондырғыларды штаттық режімге шығарды. Қазіргі уақытта мұнайды бастапқы және екінші қайта өңдеуге арналған негізгі және қосалқы қондырғылар кестеден ерте іске қосылды.

Зауыт тұрақты жұмыс істеп, өндірістік бағдарламаға сәйкес өнім шығаруды қамтамасыз етіп жатыр.

«6–7 қарашада Атырау МӨЗ тәулігіне 16,8 мың тонна мұнай өңдеп, жобалық қуаттың 100% жетті. Осы кезеңде 10 мың тоннадан астам сұйытылған газ, АИ-92 маркалы бензин, маусымаралық және қысқы дизель отыны өндіріліп, жөнелтілді», делінген ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, сұйытылған мұнай газының тәуліктік өндірісі шамамен 700 тоннаны құрайды. Аталмыш зауыт елдегі сұйытылған газдың 11%-ын өндіреді. Оның қайта іске қосылуы ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Қосымша өндірілген отын көлемі жоспарға сәйкес өңірлерге жөнелтіліп, ағымдағы қажеттілікті толық қамтамасыз етеді.

Қазір мұнай өнімдері өндірісін арттыру және өңірлердегі қорларды толықтыру жұмыстары жалғасып жатыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.