Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Starlink-пен серіктестік: 2026 жылдан бастап қазақстандықтар спутниктік байланысты пайдалана алады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 07 қараша, 2025 | 13:07
2 минут - оқу уақыты

Starlink-пен серіктестік: 2026 жылдан бастап қазақстандықтар спутниктік байланысты пайдалана алады

Алдымен хабарлама алмасу, одан кейін мобильді интернет пайда болады

QazMonitor Logo
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Қазақстанның шалғай өңірлеріне Starlink Direct to Cell технологиясымен спутниктік байланыс келеді. Beeline, Starlink және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Кездесу Тоқаевтың АҚШ қа ресми сапары барысында өтті.

VEON Ltd. (Nasdaq: VEON), жаһандық цифрлы оператор, Қазақстанның бүкіл аумағында, соның ішінде жерүсті желілерімен қамтылмаған шалғай өңірлерде де қолжетімді спутниктік байланысты қамтамасыз ету үшін Beeline Қазақстанның Starlink Direct to Cell-мен серіктестігін жариялады. Қыркүйекте жасалған коммерциялық келісімге сәйкес, Beeline Қазақстан 2026 жылы хабарламалар алмасу қызметін, одан кейінгі кезеңде мобильді интернетке қосылу қызметін қосуды жоспарлап отыр.

«Ұялы байланыс жоқ жерде, бірақ тікелей спутникпен қосылу мүмкіндігі бар жерде модемдер мен қосымша құрылғыларсыз-ақ телефоннан хабарлама жіберу мүмкіндігі – азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, шын мәнінде, адам өмірін де сақтап қалуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары әрі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Beeline Қазақстан холдингінің бас директоры Евгений Настрадин аталған серіктестік Қазақстанның толық цифрлы байланысқа өту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Біздің мақсатымыз – таулы жерлерден бастап, бос жатқан жерлерге дейін тұрақты байланыспен қамтамасыз ету. Ал Starlink Direct-to-Cell спутниктік технологиясын жердегі инфрақұрылыммен біріктіру бізді осы мақсатқа жақындатады. Бұл елдің шалғай жерлерін байланыспен қамту тұрғысынан тиімді шешім», деді компания басшысы.

VEON сондай-ақ Starlink компаниясымен ғаламдық негіздемелік келісімге қол қойды – бұл келісім VEON компаниясы жұмыс істейтін барлық елдерде Direct to Cell спутниктік байланысын енгізу бойынша болашақ ынтымақтастықтың шарттарын айқындайтын эксклюзивті емес келісім болып табылады. VEON Starlink-пен осындай көпжақты келісімге қол қойған алғашқы жаһандық телеком-оператор.

«Біз жұмыс жасайтын нарықтардың бірегей жағдайлары қауымдастықтардың байланыста болуын қамтамасыз ететін инновациялық шешімдерді талап етеді. Украинадан кейін VEON тобының екінші өңірі – Қазақстанда Starlink Direct to Cell мен ынтымақтастықтың арқасында дұрыс бағытта келе жатқанымызды көру мені қуантады. Біз VEON-ның бес елдегі 150 миллионнан астам абоненті үшін жерүсті және спутниктік байланысты біріктіру мүмкіндіктерін үлкен қызығушылықпен қарастырып жатырмыз», - деді VEON Group бас директоры Каан Терзиоғлы.

Министрлік Қазақстанда Starlink Direct to Cell қызметін сынақтан өткізу және коммерциялық іске қосу стандартты реттеуші рәсімдерді сақтай отырып жүзеге асырылатынын хабарлады.

Айта кетейік, VEON компаниясы шамамен 160 миллион клиентке конвергентті байланыс қызметтері мен цифрлық сервистерді ұсынатын цифрлы оператор. NASDAQ биржасында тіркелген. Ал Beeline Қазақстан мобильді байланыс саласында 11 миллион, ал орнықты интернет сегментінде 2 миллион клиентке қызмет көрсетеді. Beeline Қазақстан акцияларының қадағалау үлесі VEON компаниясына тиесілі.

Starlink Direct to Cell — төменгі Жер орбитасында орналасқан 650 ден астам спутниктен тұратын әлемдегі ең ірі спутниктік топтама, мобильді желі жоқ аймақтарда деректерді жіберуді, дауыс байланысын, видео және хабарлама алмасуды қамтамасыз етеді. Бұл технологияға бес континентте 7 миллионнан астам пайдаланушы қосылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.