Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстан банктерінің 75% жасанды интеллекті пайдаланады
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 14 қараша, 2025 | 11:01
1 минут - оқу уақыты

Қазақстан банктерінің 75% жасанды интеллекті пайдаланады

Алайда қаржы ұйымдарында ЖИ дамуының бірыңғай стандарттары жоқ

www.gov.kz
www.gov.kz

Қазақстаннның қаржы секторындағы жасанды интеллектіні реттеу ЭЫДҰ қағидаттары негізінде құрылатын болады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бүгінде ЖИ қаржы секторында кеңінен қолданылып жатқанын айтты.

Мәселен, Ұлттық Банктің деректеріне сәйкес, бүгінде Қазақстан банктерінің 75%-ы ЖИ-ді кредиттік скоринг, антифрод-жүйелер, маркетинг және клиенттік сервистер сияқты бағыттарда пайдаланып жатыр. Алайда ЖИ енгізу қаржы ұйымдарының ауқымы мен мүмкіндіктеріне қарай әр түрлі дәрежеде болып отыр.

Агенттік басшысы қаржы ұйымдарын талдау және сауалнама жүргізу нәтижесі бойынша ЖИ дамуына бірыңғай стандарттардың болмауы, деректер сапасы мен кадрлардың тапшылығы кедергі болып отырғанын атап өтті.

«Негізгі қиындықтар бірыңғай стандарттардың болмауына, деректер сапасы мен мамандардың жетіспеуіне байланысты болып отыр. Әр қаржы ұйымы өзі эксперимент жасайды, бірақ жасанды интеллект жүйелері қалай жұмыс істеуі керек деген бірыңғай тәсіл әлі жоқ. Жасанды интеллектіні одан әрі енгізу үшін адам ресурстарына ғана емес, сонымен қатар есептеу қуатына, бұлтты платформаларға және киберқорғау жүйелеріне де айтарлықтай инвестициялар салу қажет. Ұлттық Банк пен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі нарықтың барлық қатысушысына бірдей инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс», - деді ол Алматыда өткен Central Asia FinTech Summit пленарлық сессиясында.

Осы орайда реттеуші басшысы агенттік халықаралық тәжірибені мұқият зерделеп, ЭЫДҰ және Халықаралық есеп айырысу банкі (BIS) қағидаттары негізінде қаржы секторында ЖИ реттеуді құратынын айтты. Сонымен қатар жасанды интеллектіні енгізу мен цифрландыру жай технологиялық процесс емес, реттеушінің де, қаржы секторының да мәдениеті мен жұмыс істеу қағидаттарының өзгеруі екенін атап өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.