Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысын береді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 14 қараша, 2025 | 15:50
1 минут - оқу уақыты

Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысын береді

Бұған дейін елімізде Нидерландыдан жолбарыс әкелінген болатын

Waldemar Brandt / pexels.com
Waldemar Brandt / pexels.com

Қазақстанға Ресейден төрт амур жолбарысын әкелу жоспарналып отыр. Жануарлар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жеткізіледі. Екі аталық және екі аналық жолбарысты ресейлік тарап Қазақстанға өтеусіз бермек.

«Жолбарысты Қазақстанға қайта енгізу идеясының ғылыми және тарихи негізі бар. 2009 жылы халықаралық биологтар тобы (Driscoll және басқалар) жүргізген генетикалық зерттеулер нәтижесінде жойылып кеткен тұран жолбарысы мен қазіргі амур жолбарысының ДНҚ ұқсастығы дәлелденді. Бұл жаңалық жоғалған популяцияны қалпына келтіру жұмыстарына бастау болуға мүмкіндік берді», деді Экология министрлігінде.

Келісілген жоспарға сәйкес, Ресей тарапы ветеринариялық дайындық пен тасымалдауды қамтамасыз етсе, Қазақстан тарапы қарсы алу, орналастыру және мониторинг жүргізу жұмыстарын атқарады. Жоба БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылады. Қазақстан жолбарыс жойылып кеткен өңірге оны қайта енгізе алған алғашқы елдердің бірі.

Айта кетейік, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты 2018 жылы құрылды. Қазір онда Қазақстанға алғаш Нидерландыдан әкелінген амур жолбарыстары мекендейді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.