Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астана экономикаға инвестиция тартудан көш бастап тұр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 қараша, 2025 | 16:16
1 минут - оқу уақыты

Астана экономикаға инвестиция тартудан көш бастап тұр

Басқала биылғы тоғыз айда 1,7 трлн теңге инвестиция тартқан

Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі

Астанада 2024 жылы өңдеу секторының өсімі 10%-дан асып, 2,5 трлн теңгеге жетті. 2025 жылы жаңа өндірістік қуаттардың іске қосылуы есебінен 7%-ға өседі деп күтілуде.

Елорданың негізгі өндірістік алаңы №1 Индустриялық паркте жалпы құны 336 млрд теңгені құрайтын 140 жоба орналастырылған: олардың 82-сі іске қосылған болса, 58-інде дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде №2 Индустриялық парк құру жұмыстары басталды. Оның аумағында 500 млрд теңгеден асатын 100-ден астам жобаны іске асырып, 7 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша елорда экономикаға инвестиция тартуда нақты өсім 37%-ды құрап, 1,7 трлн теңгеге жетті. Жеке инвестициялар көлемі 22%-ға артып, 1,1 трлн теңгені құрады. Инвестициялардың негізгі бағыттары – жылжымайтын мүлік, көлік, өнеркәсіп, білім беру, қаржы және сақтандыру салалары.

Ұлттық жобалар пулына кіретін 127 жоба 2,2 трлн теңгені құрайды және 24,5 мың жұмыс орнын құруды көздейді. Инвесторлардың мәселелерін жедел шешу үшін әкімдік жанынан Аймақтық инвестициялық штаб құрылып, бүгінге дейін штабтың 23 отырысы өтіп, 400-ден астам өтініш қаралған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.