Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандағы екі терминал құрғақ порттар тізіміне енді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 қараша, 2025 | 11:22
1 минуттан кем минут - оқу уақыты

Қазақстандағы екі терминал құрғақ порттар тізіміне енді

Dostyk Trans Terminal мен GLOBAL CITY ЭСКАТО аясында жұмыс істейтін болды

ҚР Көлік министрлігі
ҚР Көлік министрлігі

Бангкок қаласында БҰҰ Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) «құрғақ порттар» жөніндегі Жұмыс тобының алтыншы отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша Dostyk Trans Terminal терминалы мен GLOBAL CITY сауда-логистикалық кешенін ЭСКАТО-ның құрғақ порттар жөніндегі Үкіметаралық келісімінің тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл шешім Қазақстанның БҰҰ-ның ресми инфрақұрылымдық карталарындағы көрінісін кеңейтіп, елдің транзиттік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.