Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда Әйелдер кәсіпкерлігі комитеті ресми ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 қараша, 2025 | 14:22
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда Әйелдер кәсіпкерлігі комитеті ресми ашылды

Астанада Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің алғашқы Ұлттық слёті өтті

Атамекен
Атамекен

Астанада Дүниежүзілік әйелдер кәсіпкерлігі күніне орай «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің алғашқы Ұлттық слёті өткізілді. Жиынға еліміздің барлық өңірінен шағын және орта бизнес өкілдері, жас кәсіпкер әйелдер және қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары, жалпы 400-ге жуық әйел қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков әйелдер кәсіпкерлігін тұрақты экономикалық өсудің маңызды драйвері деп атап, олардың өңірлердің дамуына қосқан үлесін ерекше атады.

Слёт аясында сарапшылар әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетін арттыру, жаңа нарықтарға шығу, инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу, тиімді бизнес басқару модельдерін қолдану мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қатысушыларға қаржылық құралдарға қолжетімділікті арттыру, оқыту бағдарламалары мен консультациялық қолдау көрсетудің маңызы жөнінде ақпарат берілді.

Слёт барысында «Атамекен» ҰКП Әйелдер кәсіпкерлігі комитетінің ресми ашылуы да өтті. Комитет төрағасы Лейла Күленова жаңа құрылымның мақсаты – барлық әйелдердің бастамаларын қолдау, тәжірибе алмасу, бір-біріне көмек көрсету және ел бойынша кәсіпкер әйелдер қауымдастығын дамыту екенін айтты. Комитеттің жұмысы жыл сайын өткізілетін дәстүрлі іс-шараға айналып, жаңа жобаларды іске қосу мен жыл қорытындысын шығару алаңына айналатыны жоспарланған.

Слёт қорытындысы бойынша жаңа бірлескен бастамалар құрылып, іскерлік байланыстар нығайды. Іс-шара Қазақстан экономикасында әйелдердің рөлінің артып келе жатқанын, олардың кәсіпкерлік әлеуеті мен көшбасшылық қызметінің маңызды екенін көрсетті.

Дереккөз: Атамекен

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.