Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда құрылыс қарқыны жеделдеді: он айда көрсеткіш 15,1%-ға өсті
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 қараша, 2025 | 16:43
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда құрылыс қарқыны жеделдеді: он айда көрсеткіш 15,1%-ға өсті

Биыл тұрғын емес нысандар мен инфрақұрылым құрылыс саласының негізгі драйверлеріне айналды

Руслан Пряников
Руслан Пряников

2025 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстанның құрылыс секторындағы жұмыс көлемі 15,1% өсіп, 7,2 трлн теңгеден асты. Өсім Астана (39,4%) және Алматы (35,4%) қалаларында байқалған құрылыс көлемі арқылы қамтамасыз етілді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы ғимараттар (19,2%), тұрғын емес ғимараттар (10,2%) мен тұрғын ғимараттар (7,6%) құрылысы және жөндеу жұмыстарының өсуімен байланысты.

Аталған кезеңде орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең көп үлес автомобиль, теміржол мен метро (24,9%), тұрғын емес ғимарат (жалпы көлемге 21,6%) және тұрғын үй (12,6%) құрылысына тиесілі.

«Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 92,9%, шетелдік компаниялармен – 6,6%, мемлекеттік ұйымдар тарапынан – 0,5% орындалды», деді бюрода.

Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалған. Едәуір өсу Астана (39,4%) және Алматы қалаларында (35,4%), Солтүстік Қазақстан (30,1%), Түркістан (28,6%), Қостанай (27,5%), Павлодар (22,6%), Ақмола (21,7%) және Алматы облыстарында (20,7%) тіркелді.

Ал пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 19 748,9 мың шаршы метрді құрады.

Айта кетейік, биыл пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4,5% көбейді, 14 611 мың шаршы метрді құрады, олардан 9 279 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 5 204,7 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 13 439 мың шаршы метрді немесе 92%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 5 507,4 мың шаршы метрді халықтың өз күшімен пайдалануға берген.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.