Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда 165 000 мұғалім ChatGPT Edu лицензиясын алады
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 07 қараша, 2025 | 16:45
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда 165 000 мұғалім ChatGPT Edu лицензиясын алады

Мектеп мұғалімдері GPT-ассистенттерін құра алады

QazMonitor Logo
frimufilms / Freepik
frimufilms / Freepik

Қазақстан және OpenAI жасанды интеллект негізінде білім беруді дамытут туралы келісті. Вашингтонда өткен кездесуде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ, Freedom Holding Corp. және OpenAI, Inc. компаниясы жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы білім беру мен цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған келісімге сәйкес, қазақстандық педагогтерге ChatGPT-дің білім беру ұйымдарына арналған нұсқасы – ChatGPT Edu платформасын қолдану мүмкіндігі беріледі.

«Платформа білім беру саласында OpenAI-дың заманауи модельдеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жүйе деректер қауіпсіздігі мен құпиялылығын және әкімшілік басқаруды жоғары деңгейде қорғайды. ChatGPT Edu қызметінде деректерді талдау, құжаттарды қысқаша мазмұндау және жеке GPT-ассистенттерін құру функциялары бар. Нәтижесінде мұғалімдердің уақыты үнемделіп, әкімшілік және техникалық жұмыстары жеңілдейді», делінген министрлік ақпаратында.

Меморандумға сәйкес, педагогтерге 3 жыл ішінде жыл сайын кемінде 165 000 OpenAI лицензиясын беру жоспарланып отыр.

«Бүкіл әлемдегі ұстаздар әкімшілік жүктемені азайтып, уақытын оқыту мен оқушылардың дамуына арнауы үшін жасанды интеллектіні қолданып келеді. Тиісті қолдау көрсетілсе, мұғалімдер мен оқытушылар бұл құралдарды тиімді игеріп, білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін барынша пайдалана алады. Қазақстан Үкіметімен жасалған келісім жергілікті педагогтерге ChatGPT-ні қолдануға және ЖИ-дің артықшылықтарын білім беру жүйесіне енгізуге жағдай жасайды», – дейді, OpenAI білім беру және мемлекеттік бағдарламалар GTM бағыты бойынша жетекшісі Кевин Миллс.

Бұл бастама цифрлық трансформация және адами капиталды дамыту жөніндегі ұлттық стратегиясын қолдай отырып, педагогтерге озық халықаралық технологияларға қол жеткізуге жол ашады деп жоспарланған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.