Денсаулық сақтау министрлігі Қазақтелекоммен бірлесіп Naqty Onim қосымшасында цифрлық сервисті іске қосты, онда әрбір азамат дәрі-дәрмектің шекті бағасын тексере алады, сондай-ақ жоғары бағаларға шағым бере алады.
2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмектер міндетті таңбалаудан өтуде. Бұл пациенттерді жалған дәрі-дәрмектен сақтайды және зауыттан дәріханаға дейін толық бақылауды қамтамасыз етеді.
Таңбалаудың арқасында тегін препараттарды заңсыз сату фактілері анықталып, Бас прокуратурамен бірлесіп тексерулер басталды.
Мұндай ашықтық қазірдің өзінде нәтиже бере бастады. Яғни, фармсектордан түскен салық түсімдері 24%-ға өсіп отыр.
Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі