Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. «Мұзды жол»: Франциядағы танымал тревел бағдарлама жаңа қысқы маусымын Қазақстанға арнады
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 21 қараша, 2025 | 16:33
1 минут - оқу уақыты

«Мұзды жол»: Франциядағы танымал тревел бағдарлама жаңа қысқы маусымын Қазақстанға арнады

Бағдарламаның орташа тәуліктік аудиториясы 3,5 миллион көрерменді құрайды

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Францияның M6 телеарнасындағы әйгілі Pekin Express тревел-жобасының жаңа маусымы толықтай Қазақстанға арналып отыр.

Туризм министрлігінің ақпаратына сәйкес, бағдарлама толықтай Қазақстан аумағында түсірілген.

«Жоба тарихында бір ғана елде толық түсірілген маусым аз болған. Енді сол қатарға Қазақстан да еніп отыр. Әдетте түсірілім тобы бір маусымда бірнеше елді қамтуға тырысады. Бұл жолы авторлар Қазақстанға ерекше қызығушылық танытып, еліміздің туристік әлеуетіне назар аударған. Жоба 21 жылдық тарихында алғаш рет қыс мезгілінде түсірілді», делінген министрлік ақпаратында.

«Мұзды жол» деп аталатын арнайы маусым Қазақстанның қысқы табиғатын, климаттық ерекшеліктерін және табиғи ландшафттарын көрсетеді. Бағдарламаның орташа тәуліктік аудиториясы 3,5 миллион көрерменді құрайды. Ал жарнамалық науқан кезінде жаңа маусым Франция мен халықаралық аудиторияның назарын аударып, M6 телеарнасы мен Pekin Express жобасының ресми парақшаларында жарияланған роликтер миллиондаған қаралым жинаған.

«Қысқы маусым көрермен тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болады деп күтілуде. Болжам бойынша Франция, Бельгия, Монако және Швейцарияда көрермен саны 7 миллионға дейін жетуі мүмкін. Францияда Pekin Express бағдарламасы туристік таңдауларға әсер ететін ең ықпалды медиа өнімдердің қатарына жатады. Халықаралық талдауларға сәйкес, кез келген елде түсірілген маусым эфирге шыққаннан кейін Франциядан сол мемлекетке баратын туристер ағыны кемінде 15%-ға артады. Бұл Қазақстанды Еуропа нарығында ілгерілетуге қосымша мүмкіндік береді», деп қосты ведомствода.

Pekin Express жобасының қысқы маусымы Қазақстанның халықаралық туристік имиджін нығайтуға және жаңа туристерді тартуға маңызды үлес қосады, деп сендірді министрлікте.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.