Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Мектептерде жасанды интеллектіні этикалық қолданудың ұлттық моделі әзірленуде
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 21 қараша, 2025 | 17:09
1 минут - оқу уақыты

Мектептерде жасанды интеллектіні этикалық қолданудың ұлттық моделі әзірленуде

Қазақстанда білім беру саласына ЖИ-ді қауіпсіз, жауапты және педагогикалық тұрғыдан негізделген түрде енгізу бойынша кешенді жұмыс басталды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні (ЖИ) этикалық әрі қауіпсіз пайдалану үшін ұлттық модель әзірленуде. Бұл бағытта мектептерге арналған ЖИ қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар жасалып жатыр.

Халықаралық тәжірибе ЖИ-ді сәтті енгізу педагогтердің біліктілігіне, этикалық қағидаттарға және қоғамның технологияларға деген сеніміне тікелей байланысты екенін көрсетеді.

Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Мақсұтованың айтуынша, Қазақстан жасағалы отырған ұлттық модель жаңа технологияларды саналы қолдануға, адамның рөлін сақтауға және процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ интеграциясының ұлттық моделін жасауда. Ол этикалық, қауіпсіз, педагогикалық негізделген және оқушылар мен ұстаздардың әлеуетін барынша ашуға бағытталған. Негізгі мақсат — жаңа технологияларды саналы түрде қолдану, адамның рөлін сақтау және барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету», - дейді комитет өкілі.

Ұлттық модельді әзірлеу барысында Эстония, Оңтүстік Корея, АҚШ сынды елдердің тәжірибелері зерттеліп, халықаралық ұйымдардың ұсыныстары ескерілген.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.