Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Танымал пианист Бозжырада әлемдік туындыны орындады
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 14 қараша, 2025 | 12:36
1 минут - оқу уақыты

Танымал пианист Бозжырада әлемдік туындыны орындады

Бұған дейін Бозжырада Димаш Құдайберген түсірілім жүргізген

QazMonitor Logo
qaztourism.kz
qaztourism.kz

Қазақстандық танымал пианист Бозжыра шатқалында түсірілім жүргізді. Белгілі пианист және композитор Темірлан Бейсенбай мен тревел-блогер Әділет Рахметолла жаңа бейнежобаны ұсынды.

Ратович деген сахналық есіммен танымал пианист Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында «Interstellar» фильміндегі композитор Ханс Циммердің «Cornfield Chase» танымал туындысын орындады.

Шығармашылық топ осылайша Қазақстан табиғатының сұлулығын насихаттап, ел ішінде саяхаттауға шақыруға және қоршаған ортаға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруды көздеді.

Түсірілімге Kazakh Tourism, Маңғыстау облысының туризм басқармасы және Rixos Water World Aktau қонақ үйі ұйымдастырушылық және логистикалық қолдау көрсеткен.

«Бүгінде Қазақстанның туристік нысандары шығармашылық жобалар түсірілетін алаңға айналып келеді. Қыркүйек айында Бозжыра шатқалында Димаш Құдайберген мен Қытайдың ең ірі телеарналарының бірі Hunan TV жобасы түсірілді. Мұндай бастамалар табиғи және мәдени мұраны ілгерілетуге ықпал етіп, көпшілікті Қазақстанмен кеңірек танысуға шабыттандырады», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы.

Айта кетейік, бұл пианистің туристік орындарда түсірген алғашқы жоба емес. 2022 жылы музыкант өз композициясы арқылы Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай ұлттық паркін көпшілікке таныстырған болатын.

Дереккөз: Қазақтуризм

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.